Енді кез келген азамат ұлттық парктегі теріс әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заңбұзушылықтар туралы фото және бейне қосымша арқылы тікелей хабарлай алады.
«Қазірдің өзінде бізге ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заңбұзушылық жойылды. Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз!» - деді Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жедел желісінің нөмірі: +7777 6785252.
⠀
Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ заңбұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі.