ӘЛЕМ - Turan times

Иранда жағдай күннен күнге күрделеніп барады...
Осы тұста АҚШ көшеге шыққан халықты қолдауы мүмкін деген күдік те артып отыр — президент Дональд Трамп осы бағытта мәлімдеме жасады. Оқиғаның қалай өрбитіні және ықтимал сценарийлер туралы толық талдау Kazinform агенттігінің халықаралық шолушысы материалында берілген.

АҚШ факторы: қақтығыс қаупі мен келіссөздер

10 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желісінде еркіндікке ұмтылған Иранға қолдау көрсетуге дайын екенін жариялады. The New York Times дерегінше, АҚШ әскери басшылығы Трампқа Иранға ықтимал соққы жасаудың бірнеше нұсқасын ұсынған.

Ал 11 қаңтарда президент өз ұшағында жасаған мәлімдемесінде Иран басшылығы келіссөз жүргізуге ниетті екенін айтты, әрі мұндай кездесуге мүмкіндік барын атап өтті. Дегенмен, АҚШ «кездесуден бұрын әрекет етуі мүмкін» екенін де ескертті. Бұл сөздер нақты қай мағынада айтылғаны әлі түсініксіз, бірақ оны ықтимал соққы немесе Иран билігіне қысым көрсету тұрғысынан қарастыруға болады.

Иранның қуатты әскери инфрақұрылымы бар, бұл аймақтағы ірі соғыс қаупін күшейтеді. АҚШ араласса, Иран өңірдегі АҚШ нысандарына және Израильге қарымта соққы беруі мүмкін. Бұл туралы 11 қаңтарда Иран парламентінің спикері, Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілі Мұхаммад Галибаф мәлімдеді.

АҚШ базалары Кувейт, Бахрейн, Қатар, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясы секілді Парсы шығанағының бірнеше елінде орналасқан. Иран соққы берсе, бұл елдер жауап қайтаруға мәжбүр болады. Сарапшылар Парсы шығанағында толыққанды соғыс болмаса да, аймақ шиеленіс ошағына айналу қаупі жоғары екенін ескертеді.

Тегеранның әскери мүмкіндіктері

Иран билігі ел ішінде ауқымды наразылық толастамай тұрған кезде АҚШ-ты араластырмау үшін мәлімдемелер жасап, өз әскери қуатын көрсетуге тырысып жатыр.

Иран армиясы мен Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) қару-жарағы, әсіресе зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары айтарлықтай әлеуетке ие. Алайда 2025 жылғы маусымда Израильмен болған 12 күндік соғыс Тегеран үшін елеулі сынақ болды. Сол кезде Израиль авиациясы әуеде толық үстемдік орнатты. Олар америкалық F-35 5-буын жойғыштарымен қаруланған еді. Иранның әуе қорғаныс жүйесі бұл ұшақтарға қарсы тиімді әрекет жасай алмады. АҚШ-пен тікелей қақтығыс болса, Иран америкалық авиацияның өзімен бетпе-бет келуі мүмкін.

Сонымен қатар, Иран құрлық әскерін де толық көлемде пайдалана алмайды. Ирактағы америкалық базаларға жету үшін көршілес елдің аумағына кіру қажет болады. Бұл оңайға соқпасы анық. Ондағы үш базаның екеуі Ирак Күрдістанында, ал үшіншісі Анбар провинциясында орналасқан. Анбарда жергілікті қауіпсіздік күштері дайындықтан өтеді, ал америкалықтар бұл аймақта тұрақтандырушы рөл атқарып отыр. Иран әскерлерінің Ирак аумағы арқылы еркін өтуі іс жүзінде мүмкін емес.

Келесі стратегиялық нысан — Кувейт. Бұл елде шамамен 13 мың америкалық сарбаз бар және әскери техника сақтайтын ірі база орналасқан. Алайда Иран әскерлері Кувейтке тікелей жете алмайды, ол үшін тағы да Ирак аумағындағы Басра қаласын басып өту қажеттілігі туындайды.

Еске сала кетсек, 2000–2020 жылдары АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал қақтығыс сценарийлерін талқылауда америкалық әскердің Ауғанстанда орналасуы маңызды фактор болған еді. Ол кезеңде Иран стратегиялық тұрғыдан қоршауда қалса, америкалық күштер де осал жағдайда болды. Өйткені Ауғанстанның батысындағы америкалық сарбаздарға Иран құрлық әскері оңай жете алатын. Алайда 2021 жылдан бері АҚШ әскерлері Ауғанстанда жоқ. Соған қарамастан, Вашингтон аймақтағы әскери мүмкіндіктерін сақтап отыр.

Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы: мұнайға соққы – соңғы шара

Құрлық әскерін пайдалану мүмкін болмағандықтан, ықтимал соғыс тек әуе арқылы – зымырандар, дрондар мен авиация арқылы өтеді.

Иран теңіз күштері Парсы шығанағында кеме қатынасын бұзып, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалын тоқтата алады. Бұл үшін Иран миналау әдісін және негізінен ИРСК құрамындағы жеңіл флотты қолдануы мүмкін.

Дегенмен, бұл жағдайда Иран тек АҚШ флотына ғана емес, Парсы шығанағындағы араб елдерінің әскери күштеріне де қарсы төтеп беруге мәжбүр болады. 1980-жылдары осы өңірде танкер соғысы өткен. Сол кезде АҚШ флоты мұнай тасымалдайтын кемелерді қорғап, Иранның теңіз әлеуетін айтарлықтай әлсіреткені есте. Алайда бұл ұзаққа созыла алмайды.

Ұзаққа созылған қақтығыс Иранның өзіне тиімсіз, ел мұнайдан түсетін табысқа тәуелді. Тіпті қазіргідей заңсыз экспорт болса да. Онсыз Иран кіріссіз қалуы мүмкін. Қазіргі жағдайда бұл ел үшін үлкен сынақ болары анық.

Қақтығыс кезінде ресурстар мәселесі басты орынға шығады. АҚШ әуеде үстемдікке ие болатын жағдайда Иран зымырандар мен дрондарды қолдана алады, бірақ бұл шексіз болмайтыны түсінікті. Иранның шабуылы Израильге қарсы бағытталса, бұл елдің әуе қорғаныс жүйесі мықты, мұндай соққылар Израильді америкалық операцияға қосылуға итермелеуі мүмкін. Ал өңірдегі АҚШ базаларына шабуыл жасалса, араб елдері де қарымта қайтаруы ықтимал. Мысалы, Қатардың әуе күштері Дохадағы Әл-Удейд базасында орналасқан, онда америкалық ұшақтар да тұр.

Араб елдері Израильмен бір жақта соғысса, нағыз парадокс жағдайы туындауы ықтимал. Бұрын мұндайды елестету де қиын болатын. 1991 жылғы шығанақтағы соғыс кезінде Ирак Израильге оқ жаудырған. Бұл жердегі Ирак президентінің көздегені Израиль қарымта қайтарады, сол кезде мұсылман әлемі қолдау білдіреді деп үміт артқан. Алайда америкалықтар Израильді жауап бермеуге көндірді.

Араб елдері мен Израиль: жаңа аймақтық тепе-теңдік

Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Араб елдері бұрынғыдай Иран мен оның қолдауындағы ұйымдардан қатты қорықпайды. Соңғы екі жылдағы оқиғалар нәтижесінде Иранның «қарсылық осі» айтарлықтай әлсіреді.

Бұл әсіресе Сириядағы жағдайдың өзгеруі мен Ливандағы «Хезболлах» ұйымының әлсіреуінен көрінеді. Иранның ең ірі прокси топтары Иракта – «Қатаиб Хезболлах» және бірнеше басқа шиіт ұйымдары. Дегенмен, ел билігі мен негізгі саяси күштер Иракты ықтимал соғысқа араластыруға қарсы. Олар Иранның прокси топтарының белсенділігін шектеуге қажетті амалдар табуы мүмкін.

АҚШ араласатын болса, жағдай барлық қатысушылар үшін күрделене түседі. Себебі шиеленіске бірден бірнеше ел тартылуы ықтимал. Бұл Парсы шығанағы елдеріне ұнамайтыны түсінікті. Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қауіп төнеді, ал аймақтағы америкалық нысандар Ираннан келетін ықтимал зымыран соққыларына ұшырауы мүмкін.

АҚШ Иран мәселесіне не үшін араласуы мүмкін?

Қазіргі таңда Вашингтонда соңғы 20 жылдағы ең батыл, айтқанынан қайтпайтын президент отыр. Бұл фактор Ирандағы жағдайға тікелей әсер етуі мүмкін.

Парсы шығанағы елдері мен АҚШ ұзақ жылдар бойы Иранмен кез келген әскери қақтығыстың сценарийлерін алдын ала жоспарлаған. Әсіресе, Иранның аймақтағы шиит топтарын қолдауы Сауд Арабиясы мен Бахрейн сияқты елдерге ешқашан ұнамаған.

Сауд Арабиясында шииттер Шығыс провинциясында тұрады, онда мұнайдың негізгі бөлігі өндіріледі. Бахрейнде шииттер халықтың басым бөлігін құрайды. Ливан мен Ирактағы шииттер, Сириядағы алауиттер, Йемендегі зейдиттер – бәрі Иранның қолдауына сүйенеді.

1991 жылы АҚШ Иракпен соғыс үшін Парсы шығанағына әскерін жеткізуге үш ай уақыт кетірген болса, қазір мұндай ұзақ дайындық қажет емес. Қолда бар инфрақұрылым жеткілікті, ал Трамп батыл мәлімдемелер мен әрекеттен тайынбайды. Сонымен қатар, 12 күндік соғыстың нәтижесінде Иранның аймақтағы ықпалы әлсірегенін де ескеру керек.

Ирандағы наразылық: билік ішкі қолдауын жоғалтты

Иран билігі үшін ең басты сынақ – ел ішінде бұрынғыдай қолдау жоқ. Жаппай наразылықтар мемлекетті күрделі кезеңге әкеп тіреді. Егер қоғам 1979 жылғы революциядан кейінгі алғашқы онжылдықтағыдай ынта танытса, экономикалық қиындықтар соншалықты ауыр болмас еді.

1980–1988 жылдары Иран-Ирак соғысы кезінде халықтың қолдауы биліктің негізгі тірегі болды. Қару-жарақ тапшылығын Тегеран еріктілерді көптеп майданға жіберу арқылы өтеп отырды, ал адам шығыны ауқымды болды. Сол кезде Иран 1 миллионға дейін адамынан айырылды, ал Ирактың шығыны – 500 мың адам. Қазіргі кезде халық бұрынғыдай ынта танытпайды, ал наразылықтарға билік үшін маңызды әлеуметтік топ саналатын ұсақ саудагерлер қосылды. 1979 жылы базар революцияның жеңісіне ықпал еткен негізгі күштердің бірі болғаны есте.

9 қаңтарда елдің рухани жетекшісі Әли Хаменеи халыққа үндеу жасап, «бүлікшілер - бөтен елдің президентін қуанту үшін өз көшесін қиратып жатқан вандалдар» деп атады. Оның сөзінше, Иран «диверсанттарға» төтеп бере алады. Рахбардың үндеуінен соң, елде интернет өшіріліп, билік наразылықтарды қатаң түрде басып-жаныштауға көшті. Өлім-жітім көп: құқық қорғаушылар жүздеген, тіпті мыңдаған адам қаза тапты деп отыр, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Билік Трамптың наразылыққа шыққан халықты қолдаймыз деген мәлімдемесінен кейін оларға қарсы шараларды қатайтты деп жорамалдауға негіз бар. АҚШ араласса, бұл Иранның ішкі қақтығысын халықаралық дәрежеге шығаратыны түсінікті жайт болатын. Тегеран белсенді қарсылықты басып, Вашингтонмен кездесулер немесе әскери қимылдарға дейін ел ішіндегі өз позициясын нығайтуға тырысуда.

Ал 28 желтоқсанда басталған алғашқы наразылықтарға назар аударсақ, билік бастапқыда экономикалық себептерді алға тартқан. Ал 2019 және 2022 жылғы наразылықтар әрқайсысы бір жылға жуық уақытқа созылып, билік қатаң шаралар қабылдағанымен, халықтың өз наразылығын білдіруіне аздап мүмкіндік берген. Биыл жағдай өзгеріп, 10 күн өтер-өтпестен Тегеран ең қатал сценарийге көшті. Бұл Иран үшін жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.

Соққының орнына санкциялар

12 қаңтарда Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи наразылық акциялары шетелдік күштердің ықпалымен өрбіп жатқанын айтты, бірақ «Тегеран жағдайды толық бақылауда ұстап отыр» деді ол. Дәл сол күні Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын кез келген елге 25% кедендік баж салығын енгізді. Бір жағынан, бұл Қытай, Үндістан, БАӘ, Ирак және Орталық Азия елдерін қиын жағдайға қояды. Екінші жағынан, бұл әскери араласу туралы сөз қозғауға әлі ерте екенін көрсетеді. АҚШ әлі де қысым әдісін қолдануда, кей жерде қарқынды консультациялар жүріп жатыр.

Наразылықтар қаншалықты ауқымды көрінсе де, Иранда күштік құрылымдар – Ислам революциясы сақшылары корпусы мен Басидж – өте мықты. Олар елдің барлық аймақтарында таралған. Бұйрық берілген жағдайда күш құрылымдары қатаң әрекет етуге дайын. Сонымен қатар, олардың идеологиялық мотивациясы бар, бұл оларды басқа елдердегі күштік құрылымдардан ерекшелейді.

Сондықтан Иран жағдайды ел ішінде бақылауда ұстай алады. Алайда бұл биліктің беделі мен экономикаға ауыр тиюі мүмкін. Біріншіден, Тегеран қоғамды бақылау үшін полиция әдістеріне жүгінуге мәжбүр болады, бұл 1979 жылғы революциядан шыққан мемлекет үшін ауыр сынақ. Екіншіден, санкциялар салдарынан экономикалық жағдай нашарлай бермек. Сонымен қатар, су тапшылығы сияқты объективті қиындықтар да бар, олар Иран үшін үлкен проблема болып отыр.

Егер АҚШ тікелей араласпаса да экономикалық қысым арқылы әсер етуді жалғастырады. Бұл екі нұсқа да аймақтағы елдер үшін тиімсіз, шиеленіс сақталады, бұл ерте ме, кеш пе, жаңа дағдарысқа әкелуі мүмкін. Ал егер АҚШ араласып кетсе, онда өңірде салдары болжауға келмейтін ірі қақтығыс басталуы мүмкін.

Ирандағы дағдарыс Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Қазіргі жағдай өте құбылмалы. Трамптың Иранмен сауда жасайтын елдерге жаңа баж салығын енгізгені Қазақстанға аса ауыр соққы болмайды. Себебі президенттің жарлығына сәйкес, АҚШ-қа экспорттың 92%-ы бұл салықтан босатылатын ерекше маңызды тауарлар санатына жатады.

Дегенмен, сауда соғыстарының шиеленісуі еліміз үшін тиімді емес. Бұл Қытай, Үндістан және Парсы шығанағы елдері сияқты серіктестерімізге соққы боп тиюі мүмкін.

Қазақстан түрлі сауда дәліздеріне сенім артады. Егер Иранды оқшаулап, бірақ АҚШ тікелей араласпайтын болса, кей жобаларды дамыту қиынға соғады. Сондай-ақ, дағдарыс нәтижесінде Ираннан көші-қон көбеюі ықтимал.

Қорыта айтқанда, Қазақстан үшін әрқашан алдын ала болжам жасау мүмкіндігі маңызды. Кез келген қақтығыс аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырып, еліміздің мүддесіне, дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті?
Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді. Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді.

Владимир Путин:

– Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ.

Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болмақ
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы күнге жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президент биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын еске салды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты. Осы кезең ішінде өзара сауда-cаттық тұрақты түрде өсіп, ірі инфрақұрылым жобалары табысты жүзеге асты және өнеркәсіп кооперациясының аясы кеңейе түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдардағы жаһандық дүрбелеңдерге қарамастан, ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны бәсеңдемегеніне тоқталды.

– Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы 600 миллион доллар, 2024 жылы – 4 миллиард доллар). Өнеркәсіп өнімі 29 пайыз артып, 1,5 триллион долларды құрады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударып, интеграциялық бірлестікті дамытудың басым бағыттарын айқындады.

– Әлем жаппай цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологияларды ЕАЭО-ға мүше елдер экономикасының барлық саласына енгізу қажет деп санаймын. Жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынамыз. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады. Келесі жылы Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында дәстүрлі Еуразия экономикалық форумын өткізеді. Осы жиында Экономикалық одақ кеңістігінде Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауға болар еді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ЕАЭО әлемдегі маңызды көлік-логистика торабы бола алады.

– Бірлестік құрамындағы мемлекеттердің аумағы арқылы Батыс Қытай – Батыс Еуропа, Солтүстік – Оңтүстік, Транскаспий халықаралық көлік бағдары секілді негізгі дәліздер өтеді. Қазақстан шетелдік серіктестермен бірге (Ресей Федерациясында, Қытайда, Әзербайжанда және басқа да елдерде) халықаралық мультимодальды логистика орталықтары мен терминалдар желісін (Румыния мен Мажарстанда) дамытуды белсенді қолға алды. Серіктестерімізді сауда-саттықты жандандырып, жүк тасымалы шығынын азайту үшін ұйымға мүше өзге мемлекеттерді де осы іске атсалысуға шақырамыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Каспий жағалауындағы теңіз инфрақұрылымы арқылы ынтымақтастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашылатынын жеткізді. Президенттің айтуынша, Каспий теңізіндегі негізгі порттарда орналасқан заманауи контейнер хабтары ұдайы ұлғайып келе жатқан жүк тасымалына қызмет көрсете алады. Бұл ретте ол ұйымға мүше елдердің транзит әлеуетін нығайтуға серпін беретін Кеме қатынасы туралы келісімнің күшіне енуін жеделдетуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлемде сұранысқа ие, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағдарланған жаңа өндіріс орындарын дамытуға баса мән берген жөн.

– Еуразия даму банкі сарапшыларының есебіне сәйкес, ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп тауарларын шығару және экспорттау бойынша қосымша мүмкіндігі 67 миллиард долларға бағаланады. Осы әлеуетімізді толық пайдалансақ, түпкі нәтижесі 500 миллиард долларға жетуі ықтимал. Аталған мақсатқа жету үшін өнеркәсіп кооперациясын күшейту қажет. Бұл орайда серпінді инновациялық жобаларға инвестиция құйған жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өзара сауда-саттықтағы әкімшілік кедергілерді толықтай жоятын уақыт келгенін мәлімдеді.

– Азаматтардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтін қолдан жасалған шектеулерді алып тастап, шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет. Кедендік реттеу және (көлік, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық) мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауға тиіс. ЕАЭО құрылғалы бері кедергісіз сауда ортасын қалыптастыруға бағытталған біршама құжат қабылданды. Енді осы ортақ міндеттерді мүлтіксіз сақтап, өзара алыс-беріс пен барыс-келіске «тұсау болатын түйткілдерді» уақтылы шешіп отыру керек. Комиссия кедергілерді шұғыл анықтау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамалық бастамаларына мониторинг жүргізетін жасанды интеллект технологиясын қосу мүмкіндігін қарастырғаны жөн. Кедергісіз нарық пен тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету басты міндет болуға тиіс. Азаматтар мен бизнес интеграцияның нақты пайдасын көруі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуді белсенді қолға алған дұрыс деп санайды.

– Биыл Моңғолиямен Еркін сауда аймағы туралы келісімге, Біріккен Араб Әмірліктерімен Экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бүгін Индонезиямен осындай мәміле жасалады. Біз мұны құптаймыз. Бұл – бірлескен жұмыстың елеулі нәтижесі. Әрі өзге елдердің Еуразиялық экономикалық одақпен сауда байланыстарын тереңдетуге қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Таяу келешекте ЕАЭО-ның Жаһандық Оңтүстік, Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка мемлекеттерімен ықпалдастығын кеңейту маңызды деп санаймыз. Сонымен қатар ШЫҰ, АСЕАН секілді басқа да маңызды ұйымдармен ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлу керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанына назар аударды.

Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін жеткізді. Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым төрағасы міндетін табысты атқарғаны үшін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға алғыс айтты.

Сонымен қатар саммитке Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ Индонезияның, Иранның және Кубаның өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

Стокгольмде Нобель сыйлығы табысталды
Стокгольм концерт залында (Konsert Huset) өткен шараға Швецияның корольдік отбасы мүшелері, премьер-министр Ульф Кристерссон, министрлер, партия өкілдері, шетелдік делегациялар, сыйлық лауреаттары және көптеген қонақтар қатысты. Бұл туралы "ҚазАқпарат" Анадолы агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Сыйлықтарды Швеция королі Карл XVI Густав табыс етті.

Лауреаттар:

Физика саласы: Джон Кларк, Мишель Деворе, Джон Мартинис

Химия саласы: Сусуму Китагава, Ричард Робсон, Омар М. Яги

Медицина саласы: Мэри Бранкоу, Фред Рамсделл, Шимон Сакагучи

Экономика саласы: Джоэл Мокир, Филипп Агион, Питер Хауитт

Әдебиет саласы: Ласло Краснахоркаи

Лауреаттар диплом, Нобель медалі және 11 миллион швед кроны сомасындағы ақшалай сыйлық алды.

Климаттық өзгерістерге қарсы наразылық

Концерт залы алдында жиналған 100 белсенді Нобель сыйлығын қаржыландыратын компаниялар табиғатқа және ормандарға зиян келтіріп, пайда табатынын айтты. Белсенділер шара барысында «Әлемімізді ластауын тоқтатыңдар» деген ұран айтқан.

Мачадо құрметіне дәстүрлі факел шеруі өткізілмеді

2025 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо рәсімге келе алмады. Сол себепті сыйлықты оның атынан қызы Ана Корина Соса алды. Рәсім Норвегия астанасы Ослода өтті.

Венесуэла оппозициялық саяси қайраткері Мачадо Израильдің Газадағы әрекеттерін қолдағаны үшін сынға ұшырады. Сол себепті Норвегиялық бейбітшілік кеңесі дәстүрлі факел шеруін өткізбеді.

Кеңес мәлімдемесінде Мачадоның «Норвегиялық бейбітшілік кеңесі әрі оған мүше ұйымдардың құндылығына сай келмейтіні» айтылды.

Қытайда «Робокоп» қызметке кірісті (+видео)
Бұл туралы "Қазақпарат" Ханчжоу үкіметінің порталына сілтеме жасай отырып хабарлады. Робот 1 желтоқсанда Ханчжоудың Биньцзян ауданындағы қиылыста жұмыс істей бастады. Ол жол полициясының стандартты қимылдарын орындайды және жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасау үшін дауыстық хабарламалар пайдаланады.

Жол полициясының өкілі Чжан Ваньчже Хансин-1 қозғалыстары нақты жол полициясының қимылдарына негізделгенін және жасанды интеллект моделі нақты жол жағдайында оқыту арқылы біртіндеп жетілдіріліп жатқанын түсіндірді.

Робот жүйесі бағдаршамдарға қосылған және бағдаршамның өзгеруіне байланысты жұмыс режимін өзгерте алады. Компьютерлік көру модулі оған велосипедшілерді қоса алғанда, моторсыз көлік жүргізушілерінің заңбұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Құрылғы батареясының қызмет ету мерзімі әлі жарияланған жоқ. Сонымен қатар, Қытайдың Юньнань провинциясы сияқты басқа аймақтарында қолданылатын ұқсас полиция роботтары әдетте бір рет қуатталған соң алты-сегіз сағат жұмыс істейді. Болашақ нұсқалары операциялық сценарийлерге бейімделіп, халыққа ыңғайлырақ қызметтерді ұсынады.

Қытай тағы да рекорд орнатты
Компания жолаушылардың әртүрлі сұранысына жауап бере отырып, 10 айда ұлттық теміржол желісі бойынша 2049 туристік пойыз рейсін орындаған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 28,1% көп.

Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында негізгі құралдарға тартылған инвестиция 671,5 млрд юаньға (шамамен 94,8 млрд АҚШ доллары) жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 5,7% артты.

Инвестициялар инфрақұрылымдық жобаларды тұрақты іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Қытайдың орталығындағы Шэньси провинциясында Сиань–Яньань жоғары жылдамдықты магистралі салынып бітуге жақын. 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап 299,8 км ұзындықтағы жолда сынақ эксплуатациясы басталды. Пойыздардың жылдамдығы 350 км/сағ дейін жетеді. Жаңа магистраль Сиань мен Яньань арасындағы жол жүру уақытын 2,5 сағаттан 1 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Толық ашылуы 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Словакияда екі пойыз соқтығысты
Оқиға орнына барлық жедел қызметтер жіберілді. Синьхуа агенттігінің Словакия ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, 9 қараша кешінде ел астанасы мен Пезинок қаласының арасында екі пойыз соқтығысқан. Апат нәтижесінде кемінде 18 адам зардап шеккен, олар төрт ауруханаға жеткізілген.

Теміржол қызметінің деректері бойынша, пойыздардың соқтығысы бетпе-бет болмаған, себебі екі құрам да бір бағытта қозғалған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Теміржол өкілдері соқтығыс болған учаскенің уақытша жабылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

«Мен барлық жолаушылардың жағдайы жақсы болады деп сенемін», — деп мәлімдеді Словакияның ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эшток.

"Пәтер сатамын" деп 42 адамды алдаған
Астана қаласында полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрылыс саласында алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды. Polisia.kz мәліметінше, күдікті елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде азаматтармен пәтер сату сылтауымен брондау туралы келісімшарттар жасаған. Ол ақша қаражатын алғаннан кейін құрылыс аяқталған соң пәтерді меншікке рәсімдеп беремін деп уәде еткен.

Алайда тергеу барысында кейбір пәтерлердің бірнеше адамға қатар сатылғаны анықталды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша 42 эпизод тіркелген. Бір жағдайдың өзінде жәбірленушіге келтірілген залал көлемі 6,5 миллион теңгеге жеткен. Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылғаны белгілі болды.

Күдіктіге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарға жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасағанда сақ болуды, құжаттардың заңдылығын мұқият тексеруді және тек ресми құрылыс компанияларына жүгінуді ескертеді.

Пойыздар соқтығысып, ондаған адам қаза тапты
Бұл туралы Times of India басылымы теміржол әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Апат салдарынан 11 адам көз жұмды, тағы 20 адам жарақат алды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Оқиға 4 қараша күні күндіз болған.

Алдын ала деректер бойынша, жолаушылар пойызы бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, сағатына 60–70 шақырым жылдамдықпен келіп жүк пойызына соғылған.

Соққының күші соншалық – жолаушылар вагоны жүк пойызының үстіне шығып кеткен. Қатты соқтығыстан пойыздың машинисі оқиға орнында қаза тапты.

Әлемдегі ең жылдам пойыз 453 км жылдамдықты еңсерді
CR450 пойызының максималды сынақ жылдамдығы – 450 км/сағ, ал коммерциялық эксплуатациялық жылдамдығы – 400 км/сағ. Қазіргі кезде ол Шанхайдан басталып, Чунцин мен Чэнду қалаларына дейінгі оңтүстік-батыс бағытындағы жоғары жылдамдықты теміржолда квалификациялық сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Кэцзи жибао» («Ғылым мен технология газеті»).

Жедел пойыз нөлден бастап 350 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4 минут 40 секундта жете алады, ал екі пойыз бір-бірімен жарысып, қосынды жылдамдық бойынша 896 км/сағ рекорд орнатқан.

Бұған дейінгі CR400 пойызымен салыстырғанда, CR450 алдыңғы бөлігінің ұзындығы мен ұшқырлығы артып, вагон биіктігі 20 см төмендеп, массасы 50 тоннаға азайған, бұл аэродинамикалық кедергіні 22%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде CR400 «Фусин» пойыздары 350 км/сағ жылдамдықпен қатынайды.

Техникалық талаптарға сәйкес, CR450 пойызы жолаушылар тасымалына қолданбас бұрын 600 мың км жол жүріп өтуі тиіс.