RSS лента

Атырауда балық қырылып жатыр...

  • 02.05.2021, 12:05,
  • 644
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Қайранға шығып қалған балықтарды құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 2-мамыр күні Атырау қаласы, Бесікті елдімекеніндегі “Безымянный” көліне Жайық өзенінен жайылымға өр сулары шығуына орай, көктемгі уылдырық шашуға кірген қаракөз балықтары қайырлап қалғаны анықталды.

 

​Осы ретте, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы мен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, сондай-ақ, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуымен, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.

 

Нәтижесінде 3 мың тонна балық құтқарылып және өлген 470 кг. балық санитарлық талаптарға сай, көму жолымен жойылды.

 

Сондай-ақ қазіргі уақытта балық өтетін канал темір тормен жабылды. Балықтың көлге өтуі тоқтатылды. Қалалық әкімдікпен коммуналдық жұмыстар атқарылуда.

 

Балық инспекциясы, Орал-Жайық бассейндік басқармасы бұл жағдайда құзырлы орган болып табылады. Көлге шыққан балықтар балық кооперативтерімен, әкімдікпен жиналып қайтадан Жайыққа жіберіледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости