RSS лента

Алдағы күндері ауа-райының күрт өзгеруі күтілуде…

  • 31.03.2021, 21:26,
  • 545
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Синоптиктер болжауына қарағанда, сәуір айы наурызға қарағанда жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Sputnik Қазақстан» сайты жариялаған алдағы ауа-райы болжамдарына сүйенсек, айдың бірінші онкүндігінде солтүстік өңірдегі орташа тәуліктік температура 0°C көрсетсе, үшінші онкүндікте бұл аймақтарда орташа тәуліктік температура +5 градус шамасында болады. Оңтүстік өңірлерде бірінші онкүндікте ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С-тан жоғарылайды.

 

Наурыз айымен салыстырғанда сәуірде жауын-шашын мөлшері көбейеді. Кейбір аймақтарда 15-30 мм, шығыста 50-90 мм, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында 100-150 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

 

Республика өңірлерінде найзағай ойнап, елдің солтүстігінде тұман байқалады.

 

«Консультативтік болжамға сәйкес, сәуір айында еліміздің басым бөлігінде айдың орташа температурасы +2, +9 градусты көрсетеді. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облысында, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облысы мен Қарағанды ​​облысының оңтүстік-батысында +10, +16°С болады деп болжанды» делінген хабарламада.

 

Жалпы, айдың алғашқы онкүндігінде елдің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек, батыс пен оңтүстік-шығыс аймақта жауын-шашын күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында республикада ауа-райы тұрақсызданып, соңы жауын-шашынға ұласады. Көктайғақ болып, тұман түседі.

 

Сондай-ақ, күндізгі және түнгі ауа температурасы жоғарылайды.

 

Батыста түнде +2, +7°С дейін, күндіз +5, +15°С дейін жылы болады.

 

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде түнде -5, -15°С-тен -2, +3°С-ге дейін, ал күндіз +2, +10°С-ге дейін ауа температурасы қалыптасады.

 

Орталық пен шығыс аймақта +13 градусқа дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 0, -8°С-ден +2, +10°С-ге дейін, күндіз +5, +15°С-тан +10, +23°С-қа дейін көтеріледі.

 

Соныме қатар, Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі ауа температурасының төмендеуі болжануда.

 

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде, Иран мен Орталық Азияның жылы ауа массасының әсерінен температуралық фон жоғарылайды. Елдің солтүстігінде, орталық пен шығыс аймақта күндіз +15, +25°С дейін жылы болады. Оңтүстік облыстар мен батыста +20, +30 градусқа дейін ауа температурасы қалыптасады.

 

Алайда, кейбір өңірлерде ауа температурасының төмендеуі байқалуы мүмкін.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости