«Орталығы Сібірдің батысында орналасқан Циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Мұнда солтүстікте, орталықта және Қазақстанның шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Бұл аймақтардағы температура түнде 8-15, күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді. Республиканың қалған аумағында құрғақ және шуақты ауа-райы күтіледі, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады» делінген хабарламада.