RSS лента

Қазақстандықтар балаларын сыртқа шығаруға неге қорқады?

  • 20.08.2020, 19:39,
  • 1 241
  • 0
  • Автор:

Соңғы кезде ғаламтор мен WhatsAp желісінде ауруханалардағы балалардың төсек орындарының көбейгені және басқа да жантүршігерлік ақпараттар жариялануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Қайсысы рас, қайсысы фейк? Денсаулық сақтау министрлігі барлығын да жоққа шығарып, арандатушылықтарға ермеуге және тек ресми деректерге ғана сенуге шақырды.

 

«Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға барлық қабылданған шешімдер туралы, соның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа шешімдері және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеу хаттамаларына енгізілген өзгерістер бірден көпшілікке дереу арада жария етілетінін хабарлайды. Бұл - ақпараттың бәрі қалың бұқараға қолжетімді» делінген министрлік таратқан хабарламада.

 

Ал, Орал қаласының тұрғындары терезелерін жауып, балаларын сыртқа шығармай жатыр. Себебі, «Орал қаласында түнде ауаға газ шашатын болады» деген жалған мәлімет тараған: «Бүгін түнде ауаға бір газ шашады. Сондықтан ұйықтар алдында барлық терезе, желдеткіштерді жауып, ал ертеңінде күндіз балаларды көшеге шығармауларыңызды сұраймын! Үш күн бойына. Балаларға арналған төсек-орын қалалық ауруханаларға жаппай әкелініп жатыр. Балалар қазірдің өзінде ауыра бастады. Балалардың ауру болатынын олар алдын ала қайдан біледі? Балалардың тамызда жаппай ауырып, өлетінін олар қайдан біледі? Менің ойымша, бұл жайында ескерту жасау, бекер болмайды».

 

Өз кезегінде БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаларға ешқандай төсек-орын әкелінбегендігін жеткізді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости