«Қоғамдық орындарда, келушілерге және қызмет көрсету мен демалуға арналған кеңселерде, ашық аспан астында маска тағу міндеттеледі. Тек мына санаттардан басқа: бес жасқа дейінгі балаларға, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, құрамында бес адамнан кем емес, жекелей және топтық түрде спортпен айналысатындарға, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға», - деді ол үкімет отырысында.
Мәселен, 3 тамызда ОКҚ-де өткен брифингте журналистер Цойға аутистикалық кінәраты бар балаларға көшеде бетперде тақпауға рұқсат беруді сұраған болатын. Өз кезегінде министр жұқпалы дерттің жанымызда жүргенін, сондықтан ортақ талап пен тәртіпті сақтау қажеттігін айтты.
Еске сала кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар үшін көшеде маска тағып жүру міндетті болып енгізілді. Бұл жаңа туылған нәрестелерге де қатысты еді. Әйтсе де, кейін бес жастан кіші, сондай-ақ, көшеде шынығып жүрген балаларға маска тақпауға рұқсат етілді.