RSS лента

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлік жүрмейді

  • 18.06.2020, 16:37,
  • 1 182
  • 0
  • Автор:
Автор фото: акимат г.Нур-Султан

Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Еске сала кетейік, сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметін тоқтату жөнінде шешім қабылданған болатын.


Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.


Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады.


Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады» деп хабарлады Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости