RSS лента

Астана әкімі астаналықтардың «босаңсуына» байланысты қатаңдатылған карантинге оралу мүмкіндігімен қорқытты

Автор фото: weproject.media

Бас қала басшысы Алтай Көлгінов астаналықтардың көбісі коронавиурстан қорғану шараларын сақтамамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Turantimes.kz.

Қала басшысының сөзінше, жаяу жүріс барысында ол Covid-19-дан қорғану құралдарын қолданбайтын тұрғындарды жолықтырған.

«Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым. Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік» деп хабарлады Көлгінов Instagram желісінде.

Ол түрлі тәртіпбұзушылық салдарынан дәмхана, мейрамхана мен құрылыс мекемелерінің жабылғанын еске салды. Бұдан бөлек, қоғамдық көлікті қолдану ережелері күшейтілді – бетпердесіз автобусқа кіруге болмайды.

«Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын» деді Көлгінов.

Еске сала кетсек, 18 мамырда ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев барлық карантиндік шаралар мен санитарлық нормаларды сақтауға шақырған болатын.

Оставить комментарий
Последние новости