Бұл жаңалықты облыстың бас санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиев жоққа шығарды. Фейк жаңалықты қолдан жасаушылар анықталып, тиісті шарасы алынатын болады. Бас санитарлық дәрігер тұрғындарды тек ресми мәліметке ғана сенуге шақырды.
Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Мақат пен Жылыой аудандарында 10 маусымнан 21-іне дейін карантин созылатыны туралы жалған ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, облыс орталығы, ең ірі Құрманғазы мен Қызылқоға ауданы да карантинге жабылатыны жазылған.
«10 маусымда Атырау қаласында көлік қозғалысы шектеледі. Ал, 11 маусымда азық-түлік алу үшін бір үйден бір адам ғана шығуға рұқсат етіледі», - делінген еді хабарламада.