Көктемнің алғашқы күндерінде елімізде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Қазақстанның солтүстігінде қар мен боран жауады деп күтіледі. Ал оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнаюы мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша тұман мен көктайғақ болжанады. Батыста ауа температурасы күндіз 2-15 градус жылы, ал түнде 2-10 градус аяз күтіледі. Ал шығыс пен орталық бөліктерде термометр бағаны күндіз 0-10 градус аязды көрсетсе, түнде 15-20 градусқа дейін төмендейді.
Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде күндіз 5-15 градус жылу, түнде 0-8 градус аяз күтіледі.