Қазгидромет жүргізген алдын ала зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, жазда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады. Бұл ретте тек солтүстік аймақтарда қалыпты күн райы сақталады.
«Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында кейбір күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады» деп мәлім етті Қазгидрометтің басапсөз қызметінен.
Болжамға сай, алдағы 3 айда Атырауда болатын орташа айлық температура: Маусым – +23,6°С +25,5°С Шілде – +25,6°С +27,9°С Тамыз – +23,8°С +26,0°С