Солтүстік-батыстан жылжыған циклонмен тек республиканың батысында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жалпы республика бойынша: солтүстік жартысында – тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-13 градус жылы, тек республиканың батысында күндіз термометр бағандары 17-30 градус жылыға дейін көтеріледі.