Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, 11-12 қыркүйекте жауын-шашынның ықтималдығы республиканың басым бөлігінде байқалады: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақтың жаууы болжанады.


10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.