RSS лента

Наурызда ауа райы тұрғындарды таңқалдырмақ

  • 09.02.2023, 00:08,
  • 471
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Барлық факторларды ескергенде ақпан және наурыз айларында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда еріген қар-жаңбырлы су тасқыны пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметі алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин мәлімдеді.


Алдын ала болжам бойынша ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде нормадан 1°С жоғары болады деп болжануда.


«Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбе және Қостанай облысының батысында нормадан аз, Түркістан, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысы, Алматы облысының оңтүстік жартысында, Жетісу облысында нормадан көп болады деп болжанып отыр. 

Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болжанады, батыс өңірлерде 1° нормадан жоғары, 1° нормадан төмен - елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында 13-23 мм дейін, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық болалы деп күтілуде», - деді Азидуллин. 


Оның айтуынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді. Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары қаупі жоғары, Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары қаупі орташа аймақтарға жатқызылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости