«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, ауа-райының тұрақсыз сипаты, найзағай мен екпінді желмен жауған жаңбыр бір ай ішінде сақталады, жекелеген күндері бұршақ жауады. Бұл туралы ОКҚ мәлім етті.
«Айдың басым бөлігінде жоғары температуралық фоны бар күндер көп болады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа +35°C оңтүстік аймақтарда +40°C дейін жылынуы мүмкін. Елдің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында салқын толқындардан ауа температурасы -5-тен +15°C-қа дейін төмендеуі күтіледі. Батыста және оңтүстік өңірлерде +5-тен +26°C - қа дейін жылы болады» деді спикер.
Мамыр айындағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Мамыр айында елдің батысында жауын – шашын мөлшері нормадан көп болмақ, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.