27 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы Қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.
Ереженің төртінші тармағының алғашқы абзацында: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады» деп көрсетілген.