RSS лента

Зейнетақы жинағын қайда жұмсауға болады?

  • 04.11.2020, 18:56,
  • 1 153
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Зейнетақы қорындағы ақшаны қандай мақсатта алуға болатыны айтылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин халықтың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мәселесіне тоқталды.

 

Мәжіліс депутаттары экономикалық өсуді қалпына келтіру, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің қызметіне қатысты түзетулерді қамтитын заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

 «2021 жылдың басынан бастап зейнетақы қорының салымшылары жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалана алады.

 

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігі қолжетімді әрі түсінікті болуы тиіс. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар осы талаптардың жүзеге асырудың нақты тетіктерін қалыптастыруы керек» деді Мәжіліс спикері.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, зейнетақы жинақтарының «жеткіліктілік шегін» айқындау әдістемесін Үкімет анықтайтын болады. «Жеткіліктілік шегін» белгілеудің басты мақсаты – азаматтарды зейнеткерлік жасқа толған кезде болашақта лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости