RSS лента

Қанша зейнетақы жиналғанын қалай тексеруге болады?

Автор фото: Әлеуметтік желі

Әр қазақстандық өзінің зейнетақы қорындағы қаражатын тексере алады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 


Қазақстандықтар зейнетақы жинағын электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы eGov.kz порталына кіре отырып тексере алады. Екіншіден, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы жеке кабинеттен де білуге болады. Соңғы үшінші жолы – электронды пошта.



Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болады:

  • зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  • зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.


Қордағы қаржының жеткілікті шегі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоты бар салымшыға қажетті ең төменгі сома. Егер шоттағы жинақ сол сомадан асса, қалған ақшаны мақсатты түрде пайдалануға болады.


Жеткіліктілік шегінің негізгі параметрлері:

- әйелдер мен ерлер үшін бірдей;

- кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері және тағы басқа параметрлерге сүйене отырып, жыл сайын қайта есептеліп отырады;

- 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептеледі.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости