Игерілмеген қаражаттың ірі сомалары ішкі істер, қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Білім және ғылым мен төтенше жағдайлар министрліктеріне қатысты. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік кіріс бюджетіне 3 трлн. 217 млрд. теңге түскен немесе жоспар 117,1% орындалды. Ал республикалық кіріс бюджетіне 1 трлн. 909 млрд. теңге түскен немесе жоспар 106,7% орындалды деуге болады.
«Кірістер бойынша жоспар 120 млрд. теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар бойынша — 88 млрд.теңге. Асыра орындау негізінен импортқа ҚҚС, мұнайға ЭСА және КТС есебінен қамтамасыз етілді. Импортқа ҚҚС бойынша жоспардың асыра орындалуы үшінші елдермен импорт көлемінің өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 9,4% — ға артуымен байланысты», — деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұл ретте, ҚХР-дан импорт ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 47,4% — ға немесе 525 млн.долларға өскен. Оның ішінде наурыз айындағы 2,2 есе өсім немесе 348 млн.доллар ЕАЭО елдерінен импортталған тауарларды әкелуді жүзеге асыратын автокөлік құралдарының санын 24,3% — ға ұлғайту арқылы жүзеге асырылған.
«Жалпы бөлінген 20 миллиард теңгенің 13 миллиарды игерілмеді. Қаражаттың игерілмей қалуының басты себептері конкурстық процесстердің дер кезінде орындалмауы; нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу; орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; шарттарды ұзақ келісу; мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру», — деді қаржы министрі.
Жергілікті бюджеттердің шығыны 2,1 триллион теңгені құрап, оның 28 миллиарды игерілмеген. Ең көп игерілмегендер тізіміне Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ерұлан Жамаубаев «Бюджетті 2021 жылға арналған толықтыру» бойынша заң жобасын таныстырған еді. Заң жобасына сәйкес, бірінші кезекте Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына 884 миллиард теңге бөлу көзделген болса, екінші кезекте коронавирустық инфекциямен күреске 265 миллиард бөлінбек.