RSS лента

Тасқынға "көршілер" кінәлі ме?

  • 09.04.2024, 14:09,
  • 164
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қазір тасқынға кінәлілерді емес, апаттың алдын алу жолдарын іздейтін уақыт. Сала ардагерлері осыны айтып, жұртты жаға бекіту жұмыстарына шақыруда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Рас, су биыл елімізге көп келіп жатыр. Ал, оны сақтап қалуға бола ма? Себебі, тасқыннан кейін де тіршілік жалғасын табады емес пе? Шілденің шіліңгірінде шөлдеп, бір жұтым су іздейтініміз тағы бар ғой. Бұл ретте, су шаруашылығы саласының ардагері Бисен Қуановтың өз ойлағаны бар екен...

 

«Биыл су тасып, халық сасып жатыр. Осы орайда, мәселенің екінші қырына да назар аударған дұрыс. Айтқым келгені, биыл Жайық суға лық толды. Бұл – жақсы жаңалық. Өйткені, осыған дейін Ресейдің бізге қарай су жібермейтінін айтып, талай реніш білдірген едік. Енді су келді, аз емес, мол келді. Олай болса, бұл мүмкіндікті мүлт жібермеу керек. Судан қорқудың қажеті жоқ. Қайта, оны жинап, сақтап қоюға тырысқан жөн.

 

...Өткенге оралсақ, сонау тоқсан үштің тасқынында біз кей елдімекендерімізді дәл бүгінгідей судан аман сақтап қала алмадық. Өйткені, бойды үрей биледі. Ал, мұндайда салқынқандылық танытып, суды сақтап қалатындай қоймалар қазса, қандай тиімді тәсіл болар еді? Менің бір ұсынысым бар, ол – Нарын, Бақсай, Соколок және Сарыөзек каналдарын ашу қажет. Кесте бойынша ретімен ашып отырса, тіпті жақсы. Сонда судың жүйелі түрде жүретін жолы пайда болады. Яғни, ол жан-жаққа жайылып кетпейді деген сөз. Бұл үшін жергілікті әкімдік пен басқа да құзіретті органдар бірлесіп жұмыс жасауы керек. Сонда ғана нәтиже болады» дейді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости