RSS лента

Тыңдармандарға үндеу – Димаш өзін сынағандарға жауап берді (+видео)

  • 28.12.2020, 06:03,
  • 599
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Привет, Андрей!» шоуынан соң тыңдармандарына шұғыл үндеу жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=LHDMbM32yWs&feature=emb_err_woyt]

 

«Құрметті достар, «Россия» арнасынан «Привет, Андрейдің!» кешегі эфирін көрген шығарсыздар. Бағдарламадағы кішкентай, бірақ мен үшін өте маңызды эпизод эфирге шықпай қалды. Онда өз елімді мақтан тұтатынымды және барлық жерлесімді жақсы көретінімді айттым.

 

2013 жылы «Саз әлемі» бағдарламасында болған жағдай барлық қазақстандықтың маған деген көзқарасын білдірмейді. Осы бағдарламаға дейін де дәл осылай ән айттым және халықаралық байқауларда жеңіске жеттім. Өз қалауымша ән шырқай беремін. Маған көмектесетін ата-анам, туыстарым, достарым бар. Бірақ бүгінгі күнге ең алдымен ҚАЗАҚСТАННЫҢ арқасында жеткенімді ұмытпау керек. Өйткені мен Қазақстанда туып-өстім, қазақ тағамын жедім, қазақ вокал педагогынан үйрендім, қазақ отбасында тәрбиелендім. Мені алға жетелейтін ең басты күш – ұлтым және елім!

 

Шынымды айтсам, бұл видеоны қайта көремін деп ойламадым, өйткені ол оқиғаны ұмытып кеттім. Әлі күнге дейін біреуге кек сақтап жүр екен деп ойламаңыздар, қажетсіз дүниені ұмытып кетемін. Сол күні кешке мен отандастарымды қорғайтын сөз айтпады емес, айттым, өкінішке қарай, бұл фрагмент қандай да бір себептермен эфирге шықпады. Тағы айта кететін жайт, қымбатты достар, ол видеоны жіберуді доғарайықшы.

 

Әркімнің өз пікірі бар, ол уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, олай болмауы да ғажап емес, алайда бәрі артта қалды. Әркімнің өз отбасы, балалары бар. Оларға әрдайым ауыр сөз есту ұнамайды. Әртүрлі елде осы видеоның шыға келгенін өзім де ұнатпаймын. Болған нәрсе болды. Өз басым оны ұмытып кеттім. Қазір бізге мына беймаза әлемде бірігу керек және бір-бірімізді қолдауымыз керек. Мейірімді, әдепті болайық. Ешкімді ренжітпейік» деп жазды ол өзінің «Instagram» парақшасында.

Оставить комментарий
Последние новости