Естеріңізде болса, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Қазақстанда «шектеу шараларына дейін салықты уақытылы төлеген, жұмыс орнын құрған, бірақ төтенше жағдай, карантин және локдаун енгізілуіне байланысты кредит төлеу бойынша қиын жағдайға тап болған» жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жасауды ұсынған болатын.
«Кредиттік рақымшылық енгізу туралы ұсыныс тізбекті реакцияны және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына әкеледі. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банк салымшылары мен басқа клиенттері алдындағы банктің өз міндеттемелерін орындауына қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады» делінген Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің ресми жауабында.