RSS лента

Бекболат Тілеухан шетелге қару сатты ма? (+видео)

  • 12.09.2020, 14:43,
  • 2 571
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде халық қалаулысы Бекболат Тілеуханның қару-жарақ сатып жатқан видеосы таралуда. Осыған орай, депутат жауап берді және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігіне шағым түсірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді.


Видеоны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған. Бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған секілді. Адамдардың аты-жөнін айтады. Жала болғанда да, қисынға келмейтін нәрсені айтқан. Осы мәселеге байланысты менің абырой-беделіме нұқсан келтірген адамдарды табуды, видеода аты аталған барлық тұлғаны анықтауды ұлттық қауіпсіздік қызметінен, басқа да құқық қорғау органдарынан өтінемін» дейді депутаттың өзі.


https://www.facebook.com/bekbolat.tleuhan


 

 

Оставить комментарий
Последние новости