RSS лента

Шымкент тұрғыны пневмонияға шалдыққан анасының өліміне жергілікті билікті кінәлады

  • 16.07.2020, 09:54,
  • 2 094
  • 0
  • Автор:
Автор фото: mordovmedia.ru

28 жастағы Шымкент тұрғыны Айжан Ергешова әлеуметтік желіде анасының пневмониядан қайтқанын және бұған жергілікті билік кінәлі екенін айтты. Оның сөзінше, анасын ауруханаға жатқызу тек «таныс арқылы» мүмкін болған. Бұдан бөлек, қажетті дәрі-дәрмек пен белгісіз себептен басқа біреуге қосылған оттегі балонын да өзінің табуына тура келген.

Айжан Ергешова бірнеше күн бойы Facebook-те анасының ауруы қалай өтіп жатқанын жариялап отырды. 51 жастағы әйелге дәрігерлер пневмония диагнозын қойды. 7 шілде күні қыз жедел жәрдем шақыруына емхана фельдшерінің келгенін хабарлады.


Сатурация 70. Ол бригада шақырды, оттегі қосты. Жедел жәрдем дәрігері «қала бойынша тасудың мәні жоқ, ешқайда қабылдамайды, реанимацияда орын жоқ, 1-2 ғана орын болады, оны да тек таныстарға береді, егер оттегі болса, соған қосыңыз» дейді. Мұны маған дәрігер айтып отыр «сіздің анаңызды қинағанша, шындығын айтайын» деп. Міне, біз өмір сүріп жатқан шынайы көрініс осындай, - деді Айжан.


Оның айтуынша, таныстарға жолыққанан кейін 8 шілдеде оның анасын ауруханаға жатқызып, оттегіге қосуға мүмкіндік туған. Дәрілерді өздері сатып алуды сұраған.


Айжан Ергешованың анасы – медбике. Қызының болжауынша, ол ауруды жұмыс барысында немесе біреулерге екпе салғанда жұқтырған болуы мүмкін.


«Реанимациядан орын іздеп жатырмыз, бәріне айттық. Бүкіл әлем болып іздеп жатырмыз, қандай ақшаға болмасын» деп жазды ол 8 шілде күні таңда.


Кешке белгілі болғандай, әйел реанимацияға орналастырылды. «Кезекте он бригада тұр, қариялар, жүкті әйелдер, тепсе темір үзер жігіттер – бәрі де тұншығып жатыр. Бір жігітті құтқарып үлгермеді, ол менің көзімше өлді» деп суреттеді қыз ауруханадағы жағдайды.


9 шілдеде науқас көз жұмды. «Сіздер менің анамды өлтірдіңіздер! Реанимацияда оттегі бітті, ал, біз түнде 250 мың теңгеге сатып алғанымызды басқа адамға қостыңыздар! Бұлай етуге қалай дәттеріңіз барды? Оның қызы 8 жаста! Сіздер – кісі өлтірушісіздер!» деп жазды Айжан Ергешова Шымкент әкімдігі мен қалалық денсаулық сақтау басқармасын белгілей отырып.


«Менің анам 1988 жылдан бері медбике болып мемлекетке тер төкті. Кейін оны 9.07.20 ж. жауыздықпен өлтірді. Асардың жаңа модульді ауруханасының реанимация бөлімінде. Ауруханада оттегі болмағандықтан түнде біздер әкелген оттегіге қосқан анамның әріптестері! Жауапты органдар мәселенің мән-жайын анықтаудың орнына маған жалған, жасанды пікірлерін жазуда! Олардың ішінде кешірім сұраған бірде-бір сөз жоқ! ...Бүгін елде қаралы күн, ол ертең аяқталады. Ал, анамды өлтіргендердің арқасында мен мәңгі қара жамыламын!» деп жазды қыз жуырда Facebook-тегі жазбасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости