«Қазіргі таңда МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек пен препараттардың тізімі жасалды. Яғни ЖРВИ мен пневмониядан үйінде емделіп жатқандар осы дәріні ала алады. Бұған дейін емхана дәрігерлерімен кеңес өткізген едік. Сол жиында аталған тізім аясында COVID-19 инфекциясына ұқсас және пневмониямен ауырғандарды тегін дәрімен қамти алатынымыз туралы шешімге келдік»деді Айжан Есмағамбетова.
Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді.
«Ол дәрі-дәрмекті емханалардың жанындағы мобильді топтар тегін жеткізіп береді» деген Айжан Есмағамбетова әкімдіктерге қосымша дәрі-дәрмек алу міндеті жүктелгенін айтып өтті.