RSS лента

Медициналық сақтандыру қорында ПТР-тесттен​ кімдердің тегін өте алатыны айтылды

  • 18.05.2020, 17:25,
  • 1 510
  • 0
  • Автор:
Автор фото: inform.kz

Коронавиурске ПТР-тесттен (полимеразды тізбекті реакция) тегін өте алатын азаматтар санаты анықталды. Бұл туралы «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры» (МӘСҚ) Ұлттық акционерлік қоғамы мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Қордың мәліметінше, COVID-19 бойынша ПТР-зерттеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді.



«Соның ішінде, 1,7 млрд теңге – стационарларға, 3,7 млрд теңге – кеңес беру-диагностикалық қызметтер көрсететін поликлиникаларға бағытталмақ. Мұндағы науқастар ПТР-тесттен тегін өтеді», - делінген баспасөз-қызметінде.



Өңірлерге қажетті тест мөлшері жергілікті атқару органдарымен анықталады. Дәл қазір COVID-19-ға зерттеу жүргізілетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісімшарт жасалды.



Қорда қай азаматтар тесттен тегін өте алатыны айтылды:



- COVID-19 күдігімен провизорлық стационарға түскендер;



- ЖРВИ немесе пневмония белгісімен түскендер;



- КВИ жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар;



- жоспарлы түрде стационарға жатқызылған азаматтар;



- тыныс алу, эндокриндік және жүрек қан-тамыр аурулары бойынша динамикалық бақылаудағы азаматтар;



- шетелден келген азаматтар;



- коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жұмысына тартылған ІІМ қызметкерлері;



- жүкті әйелдер және басқалар.



Сонымен қатар, МӘСҚ эпидемияға қарсы шаралар аясында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасы Ұлттық сараптама орталығы халықтың келесі санатындағы азаматтар бойынша өз қаражатымен тесті тегін өткізетінін жария етті. Олар:



- үй карантинінде жатқан, байланыста болған азаматтар;



- арнайы контингенттегілер (ауру белгісі бар және ауруды жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкерлер, эпидемияға қарсы жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қарттар үйіндегі адамдар, интернат мен басқа да мамандандырылған ұйымдағы азаматтар);



- әскерге шақырылғандар және басқалар.



Еске сала кетсек, COVID-19 індетінің алдын алу шараларына жалпы республика бюджетінен 55,9 млрд теңге бөлініп отыр. Мұндағы оператор – МӘСҚ болып табылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости