RSS лента

Түркі елдерінің «Тұран әскері» құрылатыны қаншалықты рас?

  • 31.10.2020, 23:09,
  • 1 608
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Түркиялық бұқаралық ақпарат құралдары Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қазақстанға сапарын түркітілдес елдерді біріктіретін әскери блок – «Тұран армиясын» құруға арнағанын жазды. Қазақстанның қорғаныс министрлігі мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшысының кездесуі барысында Қазақстан мен Түркия қарулы күштерінің қатысуымен қандай да бір бірлескен әскери құрамалар құру мәселелері қарастырылмағанын ресми түрде хабарлаймыз» делінген ресми хабарламада.

 

 

– Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдерде пантюркизм идеялары Әзербайжандағыдай кең таралмаған. Ол халық арасында жаппай қолдауға ие болмаған, ал сараптамалық деңгейде оны даму векторының бірі ретінде қабылдайды. Сондықтан Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің "Тұран армиясына" мүше болу болжамы – жаңа османдық бағытты жандандыру идеясын қолдайтын жекелеген түрік сарапшылары алға тартатын декларативті ұран.

 

Сондай-ақ, Қазақстан үшін Түркиямен қарым-қатынасты әр түрлі салаларда дамыту маңызды, бірақ сыртқы саясатта бұл бағытқа басымдық берілмейді. Жақын орналасқан түркітілдес көршілер сияқты біздің еліміз де көпвекторлы сыртқы саясат жүргізіп отыр. Осы бағытта, егемендікті нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтасамасыз ету маңызды саналатын Ресей, Қытай, ЕО елдері және АҚШ-пен ынтымақтастықты дамытуға басымдық беріледі.

 

Ал, әскери саладағы қазақ-түрік ынтымақтастығы туралы сөз етілгенде, бұл ең алдымен кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік дайындықтың бірлескен іс-шаралары, әскери қызметшілердің түрлі оқу-жаттығуларына қатысуы туралы әңгіме.

 

Әскери-техникалық салада қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту және қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдарын техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін Түрік компанияларының бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруы маңызды.

 

Алайда бұл Қазақстанның Ресей, Қытай, ЕО елдері және АҚШ-пен ынтымақтастықтан бас тартатынын білдірмейді. Сонымен қатар Қазақстанның Ресеймен ЕАЭО және ҰҚШҰ шеңберінде өзара одақтастық міндеттемесі бар, – деді отставкадағы полковник, әскери ғылымдар кандидаты, доцент, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Георгий Дубовцев «Sputnik Қазақстан» тілшісімен сұхбатында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости