Əңгіме кейіпкерінің ару қала Алматыда ауыл шаруашылығы институтының бе сінші курсында оқитын кезі екен. Оқуды ойдағыдай аяқтап, дипломын алып, елге қызмет ететін күнді асыға күтіп жүргенінде Желтоқсан оқиғасы басталады... Аңғал, көңілінде бөтен ой жоқ қыр баласы ғой, көпшілікпен бірге ол да алаңға шығады.
– Екі күн бойы алаңда болдым. Он сегізі күні алаңға кіре алмадық, қоршап тастаған. Көптеген автобус тұрды. Келіссөз жүргіземіз деп 10- 15 адамнан алып кетіп жатты. Əлсін-əлсін өрт машинасы арт жағымыздан су шашып, солдаттар бөліп алып, сүйрелеп алып кетеді. Қашып-пысып, əр жерге тығылып, кері жиналамыз. Артынан білгеніміздей, алаңды халықтан тазарту үшін жасалып жатырған қитұрқы амал екен бұл. Он сегізі күні мен де құрыққа іліндім. Көзімді ашсам, адамдардың астыңғы жағында қалып қойыппын. Бəрімізді тұрғызып, тінтіп, автобусқа тиеді. Қаладан шығып, біраз жүргеннен кейін көлік кенет кілт тоқтады. Апыр-топыр басталды да кетті. Екі есіктің алдын солдаттар қоршап, тағы ұра бастады. Содан екеуін итеріп құлатып, қалғанын қолымыз жеткенше соққылап жатырмыз. Бір мезгілде біреу «қашайық» деді. Сөйтсем, екі жігіт қалыппыз, - дейді кейіпкерім.
Осылайша, қашып құтылып, қала шетіндегі құрылысы бітпеген үйді паналайды. Түн ортасына таман Сəтбаев көшесінде орналасқан жатақханасына жетеді. Бір күн жатып, сабағына барады. Институтқа 190 студенттің тізімі келген екен. Сол бойынша оқудан шығарылатын болады. Тергеу де басталады. Күндіз ішкі істер департаментінде, кеште ұлттық қауіпсіздік қызметінде... сұрақтары жаттанды «ұйымдастырушы кім?», «кім алаңға шық деді?», «неге шықтың?». Фотоальбом, видеолар көрсетіп, таныстары бар-жоғын сұрайды. Оқудан шығарылып, ай жарым жүрген тергеуден соң ауылдан ағасы келіп, елге алып кетеді. Өзімен бірге тыңшының да ере келгенін кейін естиді. Ата-анасы мұны шалғайдағы шопанның үйіне мал бағуға жібереді. Көпшілік жиналатын той-садақаға баруға қатаң тыйым салынғаны тағы бар.
«22 наурызда прокуратурадан «ақталды» деген анықтама келді» деп еске алды Сарқожа Нұрғалиев. Күзге дейін совхоздың малын бағып, кейін оқуын жа лғастырады. Оны 1988 жылы аяқтап, дипломына қол жеткізеді. Институт жанынан əскери кафедраны да бітіреді. Алайда, оған лейтенант шені берілмейді. Əрине, оған Желтоқсан оқиғасына қатысуы себепші еді. Дегенмен, сол күнгі оқиғаның тəуелсіздікке негіз болғанына əлі күнге тəубе етеді. Бір мақсат, бір мүдде тоғыстырған жандар жайлы облыстық басылым жүйелі жазып келеді. Мұны редакцияға келетін хаттар мен қоңыраулардың көптігінен байқауға болады.
– Мен ол кезде АГМТнің үшінші курс студенті едім. Ғаламтор, ұялы телефон деген атымен жоқ. 16 желтоқсан күні əдеттегідей сабаққа барып келдік. Түстен кейін гу-гу, сы[1]быр-сыбыр əңгіме жүре бастады. Студенттердің алаңға ереуілге шыққанын, олардың қудаланып жатқанын естідік. Əуелгіде не үшін шыққанын түсіне алмаған едік. Кешкісін сабақ оқып отырғанымызда радиодан Қонаевтың орнына Колбин деген біреудің тағайындалғанын естідік. Осыдан кейін жастардың не үшін алаңға шығып, ереуіл ұйымдастырғанын түсіндік, - дейді редакцияға хабарласқан Қама жай Шабаева есімді оқырман.
Оның айтуынша, осы жағдай көпшіліктің тұла бойларын намыс кернеп, алаңдағы студенттерді қолдап ереуілге шығуларына себепші болады. Техникум студенттерін ереуілге шығуға шақырып, листовкалар дайындап, ертесіне тере[1]зе алдарына, көпшілік жиналатын жерлерге іліп кетеді. Іште бірде-бір қазақ қалмай, алаңға шығуы тиісті еді. Бұл дайындық жоғары жаққа да жеткен болуы керек, жатақханада жиналыс өтіп, жағдайдың шиеленісіп, студенттердің итпен қуылып жатырғаны айтылып, алаңға шығуға тыйым салынады.
«Соның ішінде бір өзге ұлттың «Алматыда қазақтар бар-жоғы 27 пайыз, сендер не істей аласыңдар, қолдарыңнан дым келмейді» дегені намысымызға тиді. Біз ештеңеге қарамай, таң атысымен келісілген уақытта төменге түстік. Есік жабық тұр екен. Жатақхана қоршалған. Алдыңғы лек далаға шығып үлгерген. Мен есіктің алдында кептеліп қалдым. Есік сырттан бекітілген. Қазақ милиция жігіт «қаттырақ итеріңдер» деп дем берді. Айтқанынша болмады, есікті бұзып-жарып далаға шықтық. Автобус жүретін жолға лап қойдық. Мақсатымыз – тіке алаңға жету болатын. Онымен ойымыз іске аспады, жолды жауып тастаған екен» деген тұтқаның арғы жағындағы дауыс ұзақ іркіліп тұрып қалды. Жастардың айтқанынан қайтпайтынын ұққан əскерилер жартысын көліктеріне тиеп, жартысын жатақханаға кері қайтарады. Содан бастап техникумда жиі жиын болып, листовка таратқандарды оңай тауып алады.
– Ата-анамызды шақыртты. Олардың арасында лауазымды қызметтегілер партия құрамынан шығарылатын болды. Бұл жағдай жүйкемізге қатты əсер етті, - деген Қамажай Əбуқызы қазіргі күніне шүкірлік етеді.
Иə, еліміздегі 1986 жылғы толқыныс кейін Грузияда, одан соң Балтық елдерінде жалғасып, Кеңес Одағының ыдырауына əсер етті. Мінекей, қазақ жастарының намысы жоғары екендігі тоталитарлық заманда дəлелденді.