Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен аптада Украина азаматтарын эвакуациялау операциясы 4 рет тоқтатылған. Оған себеп болған әрекеттің бірі әуе кемесін басып алған белгісіз жолаушылар тобы. Басқа жағдайларда, украиндар адам көп болғандықтан әуежайға кіре алмапты.
«Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа адамдар басып алды. Бір сөзбен айтқанда біздің ұшақты ұрлап кетті. Ол украиналықтарды алып кетудің орнына белгісіз жолаушылар тобымен Иранға ұшып кетті. Азаматтарды эвакуациялаудың бұған дейінгі үш әрекеті де сәтсіз болды, өйткені біздің жолаушылар әуежайға жете алмады» деді Енин өз сөзінде.
Ол апта бойы Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бастаған дипломатиялық қызмет «апаттық сынақ» режимінде жұмыс істегенін атап өтті. Алғашқы ұшақ 16 тамызда Ауғанстаннан Украинаға ұшып кетті, бортында сегіз украин, сондай-ақ Ауғанстан, Беларусь, Нидерланды, Хорватия және Тәжікстанның 71 азаматы болған.
Одан кейін Украинаның тағы 153 азаматы дипломаттардан эвакуацияға көмек сұраған. Олардың 83-і 22 тамызда ұшып кетті. Сол күні АҚШ әскери күштері террорлық шабуыл қаупіне байланысты Кабул әуежайының уақытша жабылатынын мәлімдеді. Бүгін де Кабулдан бес экипаж мүшесі мен 98 жолаушысы бар үшінші украиналық ұшақ ұшып кетті, олардың ішінде 41 украин бар.