RSS лента

«Қазпоштаның» бұрынғы басшысы Ішкі істер министрлігіндегі жұмысы жөнінде айтты

  • 05.08.2020, 17:41,
  • 1 143
  • 0
  • Автор:
Автор фото: vlast.kz

Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары Сәкен Сарсенов құқық қорғау органында алда қандай міндеттер тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Ішкі істер министрлігінде жұмысқа кірісіп, өзімнің міндеттерім бойынша жұмыс бағытын анықтадым. Ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудан басқа, мен ведомствоның ішкі және сыртқы байланыстарын қадағалайтын боламын. Министр маған еліміздің азаматтарымен Ішкі істер министрлігінің қызметі бойынша ашық диалог орнатуды тапсырды. Министрлікті цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс күтіп тұр», - деп мәлімдеді ол.

Сарсенов жаңа бастамалар мен ұсыныстарға әркез есігі ашық екенін атап өтті.

«Маған әскери шен берілеме деген көптеген сұрақтар жазылып жатыр, айтарым - мен азаматтық лауазымда жұмыс атқарамын, погон тақпаймын», - деп толықтырды министр орынбасары.

Еске сала кетейік, 3 тамызда Сәкен Сарсенов Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Бұған дейін ол үш жыл бойы «Қазпоштаны» басқарып келген еді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости