RSS лента

Бетперде тақпай, суретін салып қойғандар анықталды

  • 22.06.2020, 10:29,
  • 933
  • 0
  • Автор: NTleukesh
Автор фото: ZTB

Өзбекстанда Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының ресми парақшасында ерекше фотосурет жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Онда ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Қайырымдылық және қолдау» қозғалысының аясында тұрғындарға жәрдемдесіп жатқан сәті бейнеленген. Желі қолданушылары кейбір қызметкерлерге медициналық масканы суретпен салып қойғанын аңғарған. Расымен де, суретке мұқият мән беретін болсақ, компьютерлік графика көмегімен салынғанын анық аңғаруға болады. Ал, үй ішіндегі айнаға зер салсақ, масканың жоғын көруге болады. Ішкі істер басқармасы бұл деректі мойындап, қателік кеткенін мәлімдеді.

Оставить комментарий
Последние новости