RSS лента

Атырау қатты дауылдан зардап шекті

  • 19.05.2020, 12:41,
  • 1 860
  • 0
  • Автор:

Мұны әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазбалардан анық көруге болады.

Ал, Махамбет ауданындағы көпірдің бұзылған жерлерінің суретіне қатысты Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi түсініктеме берді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Махамбет аудандык тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің хабарлауынша, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысына сәйкес, Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінде орналасқан, Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 8030 метр көпір өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Құрылысын жүргізген – бас мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС.


17 мамырдағы нөсер жауын кесірінен аталған көпірдің бір жақ бетіндегі жаяу жүргінші жолы аумағында асфальт жабындысы тесіліп, сарқын су жиналып, ойыс пайда болды. Қазір «Атырауинжстрой» ЖШС мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Бес жылдық кепілдемесіне сәйкес, қысқа уақытта барлық ақауды қалыпқа келтіретін болады.

[media=https://youtu.be/iC6O9T_IQh0]

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости