Атырау облысының бас дәрігері Нұрлыбек Қабдықапаров өз еркімен қызметінен кетті. Бұған оның өз міндеттерін тиісінше атқара алмағандығы себеп болған. Нақтырақ айтқанда, пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде медициналық мекемелер қажетті құралдармен қамтылмаған. Бұл қызметте жарты жыл жұмыс жасаған оның орнына уақытша оның орынбасары тағайындалды.