«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 17:43-те Атырау қаласының маңындағы Қызылбалық ауылында қораның өртенгені туралы хабар түсті. Жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын қораны өрт шарпыған. Қораға 12 бас қой болған. Оқиға орнына екі көлікпен келген арнайы қызметтің сегіз қызметкері өртті сөндіру кезінде алты бас қойды құтқарып қалды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
«Тілсіз жау» сағат сағат 18:22-де толықтай сөндірілді. Енді оның шығу себебі анықталуда.
Естеріңізде болса, осыған дейін Атырауда көлік жөндеу орталығында сегіз бірдей көлік жанып кеткен еді.