Өрт ошақтарын анықтау үшін Eurocopter ЕС-145 әуе кемесінде аэровизуалды ұшу жүргізілді. Әуе барлауы барысында Каспий теңізінің жағалау аумағы бойынша “Айсан” каналының сағасында шамамен 15-17 га болатын құрақ өсімдіктері (қамыс) жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам үшін кіреберіс жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін емес.
Бұл облыс орталығына қауіп төндірмейді.