Атырау қаласы "8 март" көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде сплит-жүйенің жануы салдарынан өрт шықты. Одан өрт үй иесінің жиһазына және жеке заттарына таралды.
Диспетчерлік пультіне шақыру сағат 20:04-те түсті.
Шақыруға келген 8 қызметкер мен 2 техника пәтердің кіреберіс есігі құлыпталғанын анықтап, пәтердің балконынан кіруге шешім қабылданды. 1943 жылы туған пәтер иесі есінен танып қалғаны анықталып, өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінен құтқарылып 103 қызметкерлеріне тапсырылды.
Құтқарылғаннан кейін егде жастағы әйел улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды. Подъезден 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала.
Сағат 20:28-де өрт толығымен жойылды. Қаза тапқандар жоқ. Өрт себебі анықталуда.