Енді оның туыстарының мүлігіне салынған шектеулер де күшін жоймақ.
- Оның туыстарына айып тағылған жоқ. Тергеу барысында ол мүліктің заңсыз баюға қатысы жоқ екені анықталды. Екіншіден, ресми айып тағылғанға дейін шектеу салынған мүлікке шектеу алынды. Бергейдің ол мүлкі қылмыстық топ құрған кезеңде емес, одан бұрынырақ, бизнесте жүрген кезінде тіркелген, - дейді ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
Айта кетейік, 17 жылға сотталғанэкс-әкім 2006 жылы қылмыстық топ құрған болатын. Сөйтіп, Атырау облысындағы түрлі құрылыс жобаларын пайдаланып, 72 млрд теңге жымқырған. Қазір ағайынды Рысқалиевтер – іздеуде.