RSS лента

Ит-мысықты қорлағандарға неліктен жаза жоқ?

  • 10.07.2020, 10:45,
  • 1 082
  • 0
  • Автор: NTleukesh
Автор фото: techno.bigmir.net

Әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың ашу-ызасын тудырған даулы видеоға қатысты қылмыстық  іс тоқтатылды. Бұған атыраулық "Доброе сердце" ұйымының еріктілері түбегейлі қарсы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ал, желіде қызу талқыланған видеода ер азамат иттің мойнын мұздатқыш есігіне қыстырып, азаптаған. Оның осы әрекетіне байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық іс қозғаған болатын.


Атырау облыстық полиция басқармасы өкілдерінің түсіндіруінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларды азаптау) бойынша қылмыс белгілері болған.


“Алайда, қазір қылмыстық істің тоқтатылғандығы белгілі болды” деп хабарлайды “Мой город” порталы.


Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.


“Осы сараптама негізінде қылмыстық іс тоқтатылды” делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.


Айта кетейік, итті азаптаған Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраған болатын. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости