Олар Аққыстау ауылының маңында екі сиырды қораларына кіргізген күйі сойып алған да, етін саудаға салған. Онлайн өткен сот отырысында кінәларын мойындаған екі азамат жәбірленушіден кешірім сұрады. Бірақ, жәбірленуші заң талабына сай жаза қолдануды сұрады.
ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістеге сәйкес, мал ұрлығына қолданылатын жаза күшейтілген болатын. Сот екеуін ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, 5,5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындады.