Айта кетейік, ол 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс жасады. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.
Күн сайын дәрі тапшылығын өткір сезініп жатқан мұнайлы мекен тұрғындарының жанайқайы жақында ғана Президенттің өзіне жеткен еді. Содан кейін мұнда шұғыл түрде тапшы мамандар мен дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Ендеше, жаңа сандәрігер қордаланған мәселелердің шешімін табады деп сенім білдірейік.