RSS лента

Алматы облысының бас мемсандәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды

  • 13.07.2020, 16:24,
  • 1 181
  • 0
  • Автор:

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов 57 жасында көз жұмды. Бұл туралы өңір әкімі Амандық Баталов өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Қайрат Қажыманұлының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол Гиппократқа берген сертінде тұрып, Пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде қаза болды» деп жазды Баталов. Өлім себебі хабарланбады.


Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости