«Кентек» компаниясының 200 шақты қызметкері барлық сауалдарына басшылық тарапынан толықтай жауап алғанын айтады «Аспан Кашаган» ЖШС-нің жоба менеджері Әсем Ахметова.
Күн сайын карантиндік нысанның тұрғын блоктарына курьерлермен бірінші маңыздағы тауарлар жеткізілуде. Медициналық маскалар да, қорғану құралдары да жеткілікті. Вахталық ауылда екі дәрігер мен фельдшер және санитарлық дәрігер бар. Тамақтар бөлмелерге бір реттік ыдыста әкелінеді. Бұл бағытта барлық мәселелер шешімін тапқан. Санитарлық талапқа сәйкес, бөлме ішіне тазалық жұмыстарын да оқшауланғандардың өздері жүргізеді екен. Бұған қажеттінің бәрі бар. Әр бөлмеге санитайзер қойылған. Тағы да қосымша түсінік жұмыстары жүргізіледі деп сендірді мұндағы жауапты мамандар.