RSS лента

Қазақстанда міндетті вакцинациялаудың жаңа мерзімдері бекітілді

  • 15.07.2021, 15:36,
  • 536
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Өзгерістер covid-19-ға қарсы вакцинациялаудан өтпеген әртүрлі объектілердің қызметкерлерін вакцинациялау мерзімдеріне қатысты болды. Соңғы үш айда тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауырған адамдарға ғана ерекше жағдай жасалады.

 

«2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде қызметкерлердің бірінші компонентімен, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде covid-19-ға ақрсы екпенің екінші компонентімен (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын. КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін (қажет болған жағдайда) береді. Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі», — делінген Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости