RSS лента

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады!

  • 19.01.2021, 16:35,
  • 993
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, вакцинациялау екпенің жеткізілуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.

 

19 қаңтарда Қарағанды фармацевтика кешені мен Ресейлік тікелей инвестициялар қоры арасында «Спутник V» вакцинасының 20 мың доза алғашқы партиясын жеткізу туралы келісімге қол қойылады, – деді министр.

 

Сонымен, екпе кімдерге егіледі?

 

Бірінші кезеңде:

 

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары – 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап шамамен 100 мың адам;

 

Екінші кезеңде:

 

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары – 2021 жылдың наурызынан 150 мыңға жуық адам;

 

Үшінші кезеңде:

 

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, студенттер, созылмалы аурумен ауыратындар – сәуір айынан бастап 600 мың адам.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости