RSS лента

«Спутник V» вакцинасы Қазақстанда неге қымбат болуы мүмкін?

  • 23.12.2020, 13:38,
  • 726
  • 0
  • Автор:

Қазақстанда өндірілген ресейлік «Спутник V» вакцинасының бағасы Ресейге қарағанда қымбат болуы мүмкін, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ресейде вакцинаның шекті құны 1942 рубль немесе шамамен 11 мың теңге. Ал, Қазақстандағы бағасы қандай болатыны қазір шамамен есептеліп жатыр. Айта кету керек, бұл ресейліктердің жұмысы, бірақ мұнда біз сатып аламыз. Менің ойымша, бізде басқа баға болады. Логистиканы, тасымалдауды, технология трансферін ескере отырып, бұл біршама қымбат болады деп ойлаймын» дейді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.


Сондай-ақ, ол екпенің ең алдымен кімге салынатынын да айтты.

 

«Вакцина Қазақстандағы бүкіл медициналық мекемеге жеткізілетін болады. Ең алдымен, ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, сонымен қатар созылмалы аурулары бар тәуекел топқа кіретін адамдар тегін екпе алады» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости