RSS лента

Енді дәрілер тек рецепт арқылы беріле ме?

  • 10.11.2020, 16:38,
  • 747
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекке рецепт жазып беру ережесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Жазғы карантин кезінде азаматтар рецептпен дәрі-дәрмек алу проблемасына тап болған. Емханалардың қашықтан жұмыс істемеуі және тағы басқа мәселелер туындаған, - деді еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. – Осыны ескере отырып, министрлік рецептерді жазып беру және есепке алу қағидаларын жаңадан бекітіп, жаңа қосымшалар енгізді. Ол 7 қарашадан бастап күшіне енді.

 

Жаңа қосымшалар бойынша дәрігерлер электронды рецепт жазып бере алады. Бұл қағидада былай айтылған: «Төтенше жағдай, шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде рецепті қағаз түрінде жазып беру мүмкін болмаған жағдайда электронды түрде рецепт жазуға, не пациенттің немесе дәрігердің тегі мен аты-жөнін, сондай-ақ, электронды байланыс құралдарын пайдалана отырып, дәрігердің жұмыс орнын көрсете отырып, электронды түрде тағайындауға рұқсат етіледі».

 

Осылайша, рецептпен тегін берілетін антибиотиктерді, болмаса, басқа да дәрі-дәрмекті уақытылы алуға болады. Осы орайда комитет төрағасының орынбасары амбулаториялық деңгейде емделетін науқастарға дене қызуын түсіретін және қанды сұйылтатын бес препараттың рецепт бойынша тегін берілетінін еске салды. Олар – "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран".

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости