«Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті коммуналдық меншіктен орынжайды жалға алып отырған шағын және орта бизнес субъектілері үшін жалдау ақысын 2020 жылдың 20 маусымнан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатты.
Осыған байланысты, бизнес иелері арендалық ақы төлеуді тоқтату үшін www.gosreestr.kz сайтына электронды түрде өтініш бере алады» делінген Атырау облысы Қаржы басқармасы таратқан мәліметте.