RSS лента

Вакцина коронавирустан 100 пайыз қорғай ма?

  • 06.12.2020, 20:05,
  • 894
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Бұл сауалға «Қарағанды медициналық универсиеті» АҚ клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Шолпан Қалиева жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір әлемде бірнеше түрлі вакцина әзірленіп жатыр. Вакцина коронавирустан 100 пайызға қорғай ала ма? Бұл сұраққа вакцинаның мақсатына байланысты жауап бере аламыз. Вакцина – өлі вирус немесе вирустың бір бөлшегі. Мысалы, қазір жасалып жатқан вакциналардың бірі вирустың бір бөлігі – «spike» ақуыз болуы мүмкін. Вирус осы ақуыз арқылы тірі ағзаның клеткасына жабысады. Бұл вакцина адам ағзасына өткен соң ағза иммундық жауап қата бастайды. Кейде вакцинада вирустың басқа бөліктері де болуы мүмкін»

 

Вакцина міндетті түрде 3 сынақ кезеңінен өтуі керек. Алдымен клиникалық кезеңге дейін жануарлардың ағзасында, екінші үшінші кезеңінде адамдардың ағзасында сыналады. Тек содан кейін ғана популяцияға енгізіледі. Алдымен оның қаншалықты уыттылығы тексеріледі. Одан кейін адамдарға қаупісіз әрі тиімді дозасы анықталады», - деді Ш.Қалиева. Профессордың айтуынша, әр ел ұсынатын вакцинаның құрамы әртүрлі болады. «Вирустар мутацияға ұшырайтынын білеміз. Бұл қасиет коронавирусқа да тән. Мутация деген вируста қосымша қорғаныс тетігі пайда болды деген сөз. Оны біздің ағзамыз байқамай қалуы мүмкін. Вирус мутацияға ұшыраса, вакцина тиімсіз болып қалуы мүмкін. Вакцина 100%-ға емес, 30%-ға тиімді болуы мүмкін.

 

Вирус қанша өзгерсе де құрамында қалатын элемент вакцина құрамында болуы тиіс. Образды түрде айтқанда вирустың шекпені қызыл болса, кейін қара шекпен киюі мүмкін. Ал егер біз қызыл шекпеннің бөлшегін ағзаға ендіретін болсақ, плацебо эффектісі болады. Вакцина белсенді болады, бірақ 100 пайызға емес» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости