Бұған дейін шетелдік мамандар осындай зерттеу нәтижесін жариялаған болатын.
«Вирустың тұрмыстық заттардың үстінде ұзақ сақталатыны анықталды. Оның ішінде көлікте де вирус қалады. Егер адам қоғамдық көлікте қолданған қолғаппен мұрнын, бетін, маскасын ұстамаса, үйінің есігін ашпаса, онда вирус жұқпайды. Алайда, қол жуу – вирусты жұқтырмаудың ең тиімді тәсілі. Ал біз қолғапты жиі жумаймыз, ауыстырмаймыз. Қолғап қысқы ма, әлде күзгі ме – ол маңызды емес», – деді спикер.
Бұған дейін иммунолог маман әлемде жаппай вакцина қашан басталатынын айтқан болатын.